С.ЕҢСЕГЕНОВ, Сенат депутаты: … екi жыл бойы келiссөз жүргiзiп жатырмыз
ЕАЭО-ның басты қағидатының бірі – тауарлар мен капиталдың еркін айналымы. Өкінішке қарай, аталған қағидат толық іске аспай отыр. Соның ішінде Ресеймен шекаралас аймақта орналасқан шалғайдағы ауылдардың тұрмысына кері әсерін тигізуде.
Шекаралас аймақтардағы еркін сауда айналымының мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатса да, әлі шешімін таппаған. Бұл сол жердегі кәсіпкерліктің дамуына, азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне кері әсерін тигізіп отыр. Экономикаға кері әсерін тигізіп отырған мұндай өткізу пункттері елдің батысында ғана емес, басқа да өңірлерінде бар. Әртүрлі мәселе бар, ресейлік әріптестермен екі жыл бойы келіссөз жүргізіп жатырмыз.
sputniknews.kz