Н.САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты: Мәселе ақшада емес, мәселе – жалпы қолдауда

Тікұшақтан қайтыс болған азаматтардың отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Қорғаныс министрлігі, атқарушы органдар тарапынан жан-жақты көмектер көрсетілуі керек. Өйткені олардың соңында балалары, әке-шешелері, отбасылары қалды. Біз отан қорғаған азаматтарға «Отан қорғаушылар» деп қарап, жоғары деңгейде қолдау көрсетуіміз керек. Мәселе ақшада емес, мәселе – жалпы қолдауда. Бір мемлекеттік орган бір миллион теңгемен көмектесер, басқа мемлекеттік орган тұрғын үй мәселесін шешумен айналысар. Отбасылардың барлығы қазіргі жағдайда мемлекет қолдауына ие болуы керек. Жалпы мұндайға жол бермеуіміз қажет. Қайталанбас үшін, әсіресе әскери техникаларды тексеріп, алдын алуымыз керек. Мұндай жағдай елімізде бірінші рет болып отырған жоқ.

                                                                                                  baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.