Жанайқай!

Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеев, облыс прокуроры Н.Әбдіровтен Жетісай қаласы Космонавтов көшесіндегі Мырзахановтар отбасының 12,14,16 жасар қыздарына өгей шешесінің зорлық-зомбылық көрсетуімен түрлі ауыр дене жарақаттарын алып, 5 күннен бері ауруханада жатқан қиын жағдайына ара түсуді сұраймыз. Өгей шешенің 3 қызға жасаған қорлауын сөзбен айтып жариялауға бетің шыдамайды. Кішкентай қыздың саусағы сынған, ауызбен айтуға тілің бармайтын сұмдықтарды тиісті органдар ғана айта алады. Суреттерін көргеннің өзінде жүрегің ауырады.

Ал жетісайлық басшылар бұл сорақылықты мүмкіндігінше дабыра қылмауға тырысуда. Облыс әкімі мен облыс прокуроры шұғыл шара көргенде ғана жасөспірім қыздардың өміріне араша түсуге мүмкіндік бар. Біз қай кезде де халықтың қасында боламыз.

Меншікті тілшіміз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.