Б.ӘБДІРАЙЫМОВ, әнші: Майдаланып бiттiк, қысқасы

«Өз ойымға» өз ойым… Ләйлә ханым да, анау арын 2-млн-ға сатқысы келген қарын­дас та кінәлі емес! Көше­­ге баласын тастап кеткен қыз да, әжетxанаға тастаған да, қазақтың ұлттық сәукелесімен суретке жалаң­аш түскен Шынар да, клубта шешін­ген Байзақова да, қытайға, қара нәсіл­­діге тиіп жатқаны да, т.б.
Кінәлі – үйде отырған әкесі, ағасы, інісі, яғни біз еркек тоқтылар кінәлі­міз! Еще оларға жазылып, “лайк” баса­мыз ғой, шіркін! Әйел басқара алмай­тын жағдайға жеттік. Сырттан деп жүргенімізбен ондай емеспіз. Сөзі­міз өтпейді. Майда­ланып біттік, қысқа­сы. Шешен­дердің қыздарын немесе дағыс­­­тандық ару­лар­мен жүріп, туғызып тастап кеткен, құлақ­тан теуі­п кеткен қазақ жігітті көрмеппін. Неге? Өйт­кені еркегі мықты. Жол бермейді. Айғыр­дың өзі үйіріне еге. Біз кімбіз? Ал, неге бізде бәрі болады. Еркектер қайда? Олар өз қарын­дас­тарына қия­нат жасап әлек болуда. Саунада жүр немесе Саин, Сейфуллин көшелерінде нәпсі­нің жете­гінде жүр. “Біздің елдің жігіт­тері, жігіттердің сырттаны” едік, ал енді құрттары болдық. Ес жинайық жігіт­тер!!!
Отан – отбасынан басталады. Егер де, әрбіріміз (еркектер) өз отбасымызға ие боп, қарын­дас­тары­мызды қорғаштай білсек, қызда­рымызға ие болсақ, өзгенің арула­рын да өзіміздей көріп, сыйласақ, мұн­дай xалге бармас едік!

Alashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.