Ағзаны бiр-ақ күнде тазартамыз!

1-кезең
Күні бойы таза су ішіңіз. Суға лимон шырынын және бал қосуға болады. Бір стақан таза суды әрбір тамақтанар алдында ішіп отыруды ұмытпаңыз.
2-кезең
Дәріханадан қораптағы алатікен ұнтағын сатып алыңыз. Бұл өсімдік зат алмасу процестерін жеделдетіп, ағзаны тазартады және бауырды сауықтыруға көмектеседі. Алатікен қайнатпасын күніне 2-4 рет ішіңіз. Немесе құрғақтай 1 ас қасығын таңертең және кешке 1 стақан сумен ішуге болады.
3-кезең
Таңғы ас кезінде 1 шай қасық зығыр дәнін жесеңіз, асқазан-ішек жолының жұмысын жақсартасыз. Ең дұрысы, зығыр дәнін алдын-ала кешкісін суға жібітіп қойып, таңертең жеген жақсы.
4-кезең
Әр тамақ ішкеннен кейін 20 минуттан соң көк шай немесе шөп шай ішіңіз. Мұндай шай қандағы қант деңгейін қалыпқа түсіріп, асқазандағы қабыну процестерін тоқтатады, сондай-ақ, бауыр мен бүйректі тазартады. Мүмкіндігінше, көк шай мен шөп шай ішуді күнделікті әдетіңізге айналдырсаңыз, құба-құп.
5-кезең
Қуат арттыратын салат дайындайық. Ол үшін бізге 200 г брокколи қырыққабаты, 120 г көк бұршақ, 40 г авокадо, 20 г күнбағыс дәні, 100 г көк қияр, 50 г сүзбе ірімшік, 50 г көк жалбыз немесе ақжелкен, лимон шырыны және зәйтүн майы керек. Осының бәрін қалауыңызша турап, жақсылап араластырыңыз да, негізгі таағмдар арасында тіскебасар ретінде жеуіңізге болады. Бұл салат күш-қуатыңызды қалпына келтіруге көмектесетін фолий қышқылының тұзына өте бай.
Және, ең бастысы, жеңіл дене жаттығуларын жасаудың маңызын ұмытпаңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.