ТҮРКІСТАНДЫҚ КӨКӨНІС ЖӘНЕ ЖЕМІС ӨНІМДЕРІ ТАТАРСТАНҒА ЭКСПОРТТАЛАТЫН БОЛАДЫ

Татарстандық кәсіпкерлер Түркістан облысының шаруалары өндірген өнімдерге қызығушылық танытып отыр. Өңірімізге «Mariana-Region» ЖШС көтерме-бөлшек сауда компаниясының басшысы Хасангусейнов Минатулла Хусейнұлы жұмыс сапарымен келді. Компания Magnit және X5 Retail Group сияқты бөлшек сауда желілеріне жемістер мен көкөністерді жеткізумен айналысады. Аталған компанияның жылдық тауар айналымы 1 миллиард рубльден асады.

Казандық компания өкілдері Ресей Федерациясына көкөністер тасымалдау аясын кеңейту және Түркістан облысының шаруаларымен іскерлік байланыс орнатқысы келетіндерін білдірді. «Мариана-Аймақ» серіктестігі айына 500-600 мың тонна көкөніс сатып алуды жоспарлап отыр.
Іссапар барысында татарстандық кәсіпкер М.Г.Гасангусейнов өңірдегі бірқатар шаруа қожалықтарды аралап, ондағы жылыжай кешендермен танысты. Ол өндіріліп жатқан өнімнің түрлері және көлемінің ауқымдылығына деген қызығушылығын жасырмады.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев қонақтармен Ордабасы ауданындағы «Адель» ең ірі жылыжайында іскерлік кездесу өткізді.
Татарстандықтар өңірде халықаралық саудаға өте қолайлы жағдайдың жасалғанын атап өтті. Өз кезегінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев екі жақты тиімді серіктестік орнатуға және облыс әкімдігі тарапынан тиісті шараларды қолға алуға дайын екенін жеткізді. Ол өңірде экологиялық таза өнімдерді көп мөлшерде жеткізуге мүмкіндіктің мол екенін айтты. Одан бөлек, әкімнің орынбасары кәсіпкерлер үшін жұмыс істейтін 24/7 call-орталығы жайында әңгіме өрбітті. Яғни, кәсіпкерлердің бизнесіне кедергі келтіретін кез-келген мәселе осы мекеме арқылы шешіліп отыратыны айтылды.
Сондай-ақ, тараптар көкөністердің сапасы мен өнім түрін сақтай отырып, кепілдендірілген көлемді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алмасып отыруға уағдаласты.
Қазіргі таңда логистикалық және экспортталатын өнімдерді сақтау шарттарына қатысты мәселелер шешілуде. «KazakhExport» басқарушы директор — Руслан Төлегенов кәсіпкерлерге тиісті көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді. «Mariana-Region» ЖШС басшысы М.Г.Гасангусейнов Түркістан облысымен әріптестік байланыс орнату айтарлықтай оң нәтижелерге жеткізетінін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.