Е.ТҰРСЫНОВ: Бар болғаны фактiлердi тiзiп отырмын
Мен біздің соттарға сенбеймін. Мен біздің дәрігерлерге сенбеймін. Мен біздің заң орындарына себеймін. Бәрі сатылады, бәрі сатып алынады. Соқыр емеспін, көріп, естіп жүрмін. Мен өз фильмдерімді, кітаптарымды насихаттау үшін ел ішін аралаймын, халықпен көп сөйлесемін. Қай өңірге барсам да бір сарын. Елден маза кеткен. Іштей күйзеліп, түйіліп жүр. Шарасыздық бар, шамырқану бар. Олардың уысынан үміттің соңғы жібі сусып барады. Менің бұны ойдан шығарып, жағдайды ушықтырмақ ниетім жоқ. Бар болғаны фактілерді тізіп отырмын.
zhasalash.kz