Жұлдыз жорамал

20.05. — 26.05.

Тотқы
Жұмыста үлкен жобаны қолға алып, демалыс күндері де жұмыс істеу­ге тура келеді. Жеке өміріңізде де, іскерлік салада да өзгерістер күті­п тұр. Азырақ ақша түсуі мүмкін. Ден­саулығыңыз мазаласа, қорық­па­ңыз, тез сауығасыз.
Торпақ
Өз басыңыздың тыныштығын ойл­ап, табысқа бастар жолдан бас тар­туыңыз мүмкін. Жауапсыз махаб­батқа көп уақыт жоғалтпаңыз, бәрі­бір ол сіздік болмайды. Әркімнен қар­ыз ала бермей, өз бетіңізше ақша табуға тырысыңыз.
Егiздер
Жұмыстан біраз демалыс алуға мүм­кін­дік туады. Жеке өміріңізді рет­теп, жаңа киімдер сатып алыңыз. Роман­тикалық кездесу күтіп тұр. Апта аяғында бәсекелестердің аяқ­тан шалу қаупі бар. Бұл өміріңізге үлкен өзгеріс әкеледі.
Шаян
Апта ішінде бірнеше рет отба­сы­лық дау-дамайға тап боласыз. Сон­дықтан, үйден қашып, достармен көбірек уақыт өткізуіңіз мүмкін. Апта орта­сында қарыз алуға да, беруге де болады. Демалыста үйде жатпай, көп қозғалыңыз.
Арыстан
Жұмыста өте көп жұмысты ең­се­ріп, мақтау естисіз. Бұған қоса отба­сы­ның шаруаларын да реттеп, кең тыныстайсыз. Сүйіктіңіз де дау шығаруын қойып, жан жылуын сый­лай бастайды. Апта аяғында ашуға ерік бермегеніңіз жөн.
Бикеш
Жаңа қызмет үшін күресте жеңім­паз болып шығасыз. Бірақ, бұл досы­ңыздан айыруы мүмкін. Жеке өміріңізде қуанышты күндер көбірек. Жақын жандарға сыйлық жасауға болады. Демалыста ескі достармен кез­десіп, көңіл көтересіз.
Таразы
Уайымдай бермеңіз, сіз қорқа­тындай ештеңе жоқ. Бастығыңыздың сені­міне кіріп, оң қолына айналасыз. Қомақ­ты сыйақы беруі де мүмкін. Жаңа табысты жоба бастайсыз. Апта ортасында материалдық жағ­да­йы­ңыз біржола нығаяды.
Сарышаян
Сіз өз қабілетіңізді бағаламайсыз. Сон­дықтан, сізге ірі кәсіпорыннан жұмыс ұсынғанда тәуекел етуден бас тартасыз. Өкінішті. Осы қорқақ­ты­ғы­ңыз жеке өміріңізге де кесірін ти­гізуі мүмкін. Сүйгеніңіз де тастап кет­се, таңқалмаңыз.
Мерген
Ештеңеге алаңдамаңыз, бәрі рет-ретімен өз орнына келеді. Бірақ, бойы­ңызды бойкүйездік басып, жұмы­сыңыз өнбейді. Апта орта­сын­­дағы романтикалық кездесу сәл серпілтуі мүмкін. Немесе туыс­тар­мен, достармен бас қосқан жөн.
Тауешкi
Қаржылық жағдайыңызды жақ­сарту үшін қауіпті ойынға арала­суы­ңыз ғажап емес. Бұл тек шығын әкеледі. Қиын күндерде отбасынан қолдау табасыз. Аптаның екінші жар­ты­сында өз күшіңізбен едәуір табысқа қол жеткізесіз.
Суқұйғыш
Алға қойған мақсатқа жету үшін бәрінен баз кешіп, өз әлеміңізге қамалып алуыңыз мүмкін. Сүйгеніңіз бәріне көніп, сізді үнсіз күтеді. Бақы­ты­ңызға орай, кез-келген баста­маңыз жемісті болмақ. Тек ескі жоба­лар­­ды ұмытыңыз.
Балық
Сізді бұл аптада ең жолы бол­ғыш адам деуге болады. Өйт­кені, қар­жылық жағдайыңызды жақ­сар­туға мүмкіндіктер мол болмақ. Өз мінде­тіңізді өзгеге жүктемей, өзіңіз атқар­ғаныңыз жөн. Жеке өміріңізде де қуанышты сәттер көп.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.