ТҮРКІСТАН: 13 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРГЕН

2018 жылы облыс бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен 78 599, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 19 024 азаматтық хал актілері тіркеліпті. Оның ішінде, тууды тіркеу – өткен жылы 48 092 (3 айда – 11 264); некеге тұруды тіркеу – 13 042 (3 айда 3225). «Жас отбасы клубы» жұмысын жүргізу мақсатында жаңадан отбасын құрайын деп жатқан некеге тұрушыларға психологтардың қатысуымен былтыр жалпы 2 523 отбасыға, осы жылдың 3 айында 706 отбасыға психологиялық көмек көрсетілген. Бұл туралы Түркістан облысы Әділет департаменті мәлімдейді.

Бұдан өзге, Бүгінгі таңда облыс бойынша 184 нотариус, 120 адвокат қызмет атқарады. Сонымен қатар, Түркістан облысы заң кеңесшілерінің палатасы құрылып, оның мүшелігіне 30 заң кеңесшілер кірген. Өткен жылдың қорытындасы бойынша департаментке нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты 35 арыз-шағымдар түсіп, оның ішінде 11 негізді деп табылды. Осыған байланысты, 4 нотариус «сөгіс» түрінде, 7 нотариус «ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 1 нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған.
Цифрлы Қазақстан аясында, ҚР Әділет министрлігі АХАТ мұрағатын электрондық форматқа көшіруде. Яғни, (Е-Архивін) қалыптастыру мақсатында, барлық қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің АХАТ салаларымен 1936-2008 жылдар аралығындағы сканерленген акт жазбаларды жинақтау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Түркістан облысы Әділет департаментінің аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалдарымен 2018 жыл көлемінде 16 106 000 теңге мемлекет пайдасына өндірілген.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.