ТҮРКІСТАН: АЙМАҚТАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕЙТІН ЖАППАЙ БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ

Өңірімізде бүгін өскелең жас ұрпақты адалдыққа бастайтын игі істің бірі «Адал ұрпақ — ұлт болашағы» тақырыбында өңірдегі 903 мектепте бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Парасаттылық пен академиялық адалдық қағидалары турасында  өткен іс-шара 200 000-нан астам 8-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл игі шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы барлық мектептерде жаппай бір мезетте өтті. Жаппай бірыңғай сабақтың негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру, оларды адал жолға шақыруТәрбие сағаты барысында білім беру мекемесінің оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді, дөңгелек үстелдер мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар өнегелі өлең — жырлар оқып, замандастарын адал тұлға болуға шақырып, елдің адал ұрпағы боламыз деп серт берді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.