Б.САПАРБАЕВ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: … кіріс ретінде есептелмейді

Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты түсінбеушілік табысты есептеуден болды. Әсіресе, отбасының малына, егіні мен жиһазына байланысты. Жиһазды есептемеу керек. Біз үй-үйді араламаңдар деген тапсырма бердік, себебі ауылдан бастап әр қалада әрбір отбасының кірісі мен шығысына қатысты мәліметтер бар. Егер сұрақ туындаған жағдайда ғана, комиссияға сол отбасының үйіне барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтуына болады.Тауық пен жұмыртқа да кіріс ретінде есептелмейді. Үйіне барып, ешкім тоңазытқышын аша алмайды. Алмасы, шиесі, құлпынайы, басқасы бар, жеміс-жидек, көкөніс – мұның барлығы есептелмейді.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.