А.ӘШІМҰЛЫ, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі: Сонда бүгiнгi қазақта не қасиет қалды?!

Қазір қызы да бір, анасы да бір. Баяғыда үлкендер шашта қасиет бар, ол жуып, күтілмесе, ұзатылғасын көзден жаулық арқылы көлегейленбесе, қасиет қайтады деп айтатын. Кейде оңашада осыны ойлағанда қорқамын, қазақ бар қасиетінен айырылып бара ма деп. Айналама қараймын, қамығамын кеп. Бүгін мүлдем жат ұрпақ өсіп келе жатқандай. Біздің қоғамда. Ертең кешегі қазақ пен бүгінгі қазақтың арасы жер мен көктей алшақ тартып, ежелден ұлы құндылыққа бай біз ұлт ретінде өзімізді жоғалтып аламыз ба деп алаңдаймын. Өйткені айдың, күннің аманында аналар тү-гел жалаңбас қалды. Бастағы орамалдың мәнісі де жат жұрттық болды. Егер әйел адам жалаңаштана бастаса, ұлттың жаны жалаңаштана бастайды екен. Тіпті, сонау ашаршылық кездерінде де, соғыс тұсындағы аласапыран, алмағайып күндерде  де біз басымыздан жаулығымызды тастамаған едік. Алда-жалда шашыңның сәл тұсы ашылып қалса да: «Ашық жерге шайтан ұялағыш дейді, қарғам. Шашыңа мұқият бол» дегенді мықтап ұстанушы едік. Бүгінде мұнын бірі жоқ, шашымыз жалаңаштану былай тұрсын, басқа жеріміз де жалаңаштана бастады. Сонда бүгінгі қазақта не қасиет қалды?!

«Ұ»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.