Ә.БЕКТАЕВ, Сенат депутаты: … неге сонша немқұрайлы қараймыз?

Түрлі халықаралық қаржы инсти­туттарынан қан­шама қарыз алып, оны білім, медицина, жұмыспен қамту салаларына салу дегенді өз басым түсінбеймін. Неге біз қарызды қайтпайтын салаға саламыз? Сол білім саласына да, денсаулық саласына да өзіміздің бюджетте ақша қарастырылған. Республикалық бюджеттің бүкіл шығысы осындай нәрселерден құралады, соларға қаржы қараймыз. Бірақ біз шетелден, болмаса халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз аламыз да, сөйтіп оны қайтпайтын салаға саламыз.

Мемлекеттік қарыз жыл сайын өсіп бара жатыр.Біз бюджеттік заңнама аясында осы шекті деңгейді өз қолымызбен көтеріп отырмыз. Үкімет өз қаулысымен көбейтіп отыр, сол арқылы шекті деңгейден асқан жоқпыз деп өзімізді жұбатамыз. Қалай сонда? Мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығына неге сонша немқұрайлы қараймыз?

Ал бүгінде басқа елдерде мұның деңгейі қандай? Мәселен, Өзбекстанда, Ресейде. Неге басқа елдермен салыстырмайсыздар? Өзімізді жұбататын ақпараттар тауып отыра береміз.

 

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.