А.ҚАСЕНҒАЛИ, саясаттанушы: Неге? өйткенi бiздiң заң солқылдақ

Қазақстанда заңсыз ау салынбаған көл, балығы ауланбаған өзен, арқары атылмаған тау, киігінің мүйізі қағылмаған дала, терісі сыпырылмаған аң қалмады-ау! Ақша үшін, құлқынның қамы үшін тау мен тасты аралап қырып жатыр, қырып жатыр. Байы да, кедейі де атып жатыр, атып жатыр. Байлар қызық үшін, кедейлер ақша үшін Отан — анасының тағы перзенттерін аяусыз аулауда. Биік мінберден туған жерді сүюді, Отанды құрметтеуді насихаттайтын кей дөкейлер демалыс күні құралайды атып, қасқырды қызық үшін соғып келетіні бар. Жануар төлдейтін кезеңде мылтық атып, құс балапан басар сәтте тұзақ құрып, балық уылдырық шашар сәтте ау салатын қаскөйлер жетерлік. Неге? Өйткені біздің заң солқылдақ. Өзеннен екі шабақ ұстағанды соттап, теңізден тонналап бекіре алғанды жібере салу тоқтамай, қорықшыларды өлтіру де тоқтамақ емес.

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.