А.ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты: Кейбiр өңiрлерде жағдай бұдан да қиын

Тамыздағы дерек бойынша елімізде орташа айлықтың мөлшері 188 мың теңгеге жетті. Ал сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем 22 мың 069 теңгеге дейін азайды. Әлеуметтік төлем жаңа жұмыс іздеп жүрген адамдардың күнкөрісіне де жетпейді. Тіпті, ресми нормалар бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 668 теңгені құрайды. Сонда жұмысынан айырылған адам отбасын қалай асырайды?!
Кейбір өңірлерде жағдай бұдан да қиын. Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарын­да төлемнің орташа мөлшері 15 мың теңгеден аспайды.
Жұмыстан айырылған кезде төленетін төлемнің мөлшері, тым құрығанда, ең төменгі күнкөріс деңгейінен асуы керек деп санаймыз.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.