А.МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек ері: Бiлiм саласы реформадан шаршады

Білім саласы реформадан шаршады. Қысқа уақыт ішінде қанша министр ауысып жатыр. Жаңа реформаны бастап жатқанмен, жарты жолда қалып қойып жатыр. Бұл білім сапасына үлкен нұқсанын тигізеді. Қазіргі білім жүйесінің жақсы жақтары да бар. Мен оны жоққа шығара алмаймын. Бірақ кемшілік жағы да жетіп артылады.

Біріншіден, ЖОО бітіріп келген мамандардың білім деңгейі төмен. Ал білімі жақсыларының көбі мектепке барғысы келмей, басқа салаға кетіп жатыр. Айлығы көп жерге ығысып кетеді. Тұрақсыздық бар.

Екінші, реформадағы кемшіліктер: оқулықтар мен жаңа бағдарламада біздің менталитетке сай емес, керексіз дүниелер өте көп. Бір жағы материалдық-техникалық базамыз да әлі көңіл көншітпейді.

stan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.