А.НАЙМАНТАЙ, әртіс: Мақтанудың да орны болу керек шығар…
Ұлттық мақтаныштарымыздың бірі – ұлттық киім. Соның қазір небір түрі, оны киіп, елге көрсететін модельдердің де небір сойқандары пайда болды. Алғашында палуан денелі жігіттер шынымен мақтан болды. “Міне, қазақтың жігіттері қандай!” деп кеуде қақтық. Суретке түсіп, мақтандық. Оларды шет елден келгендер баратын жерге таситын болдық, тіпті әлем аралаттық.
Енді солар клоун болып барады. Бір кішігірім презентация, ресторанның ашылуы, сауда орталығының жарнамасы, Алпамыстай батырларымыз қолдарына найза, қылыш асынып балмұздақ күзетіп, тойларда қалыңдық күзетіп, сүндетке отырғызған баланы көтеріп жүр. Мақтанудың да орны болу керек шығар…
Күндердің күнінде сол батыр киімді алпауыттар шашлық сатып тұрса таңқалмайтын жағдайға жетерміз бүйте берсек…
Abai.kz