А.ЖАМАЛОВ,  Мәжіліс депутаты: … нақты бiр шешiмдер керек

Бұрын теңге бағамы мұнаймен байланысты деп келді. Наурызда мұнай баррелі 65-70 доллар тұрғанда доллардың бағамы 320 теңге болған, қазір мұнай 72 доллар тұрады, ал теңгенің бағамы – 360 теңге. Бұл дегеніміз, бағам мұнай бағасынан толықтай бас тартты.

Әлсіз бағам елдің бәсекеге қабілетін арттырады дейді. Бірақ Қазақстан сыртқа шикізат сатқаннан басқа несімен бәсекелес? Енді бюджеттік бағдарламалар тоқтап қалуы мүмкін. Бюджетті бір доллар 340 теңге деп есептеп қойғанбыз. Ұлттық банк өз міндетін орындай алмады, алмайды да. Қазір бизнестен бастап барлығымыз девальвация болады деп күтіп отырмыз, спекуляциялық сипат өршіп тұр. Қазіргі жағдайда шұғыл да нақты бір шешімдер керек. Халық пен кәсіпкерлер абдырап тұр.

dalanews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.