А.ЖҰМАДІЛДАЕВ, академик: Сiз бүгiнмен мақтаныңыз

Қазіргі дамыған заманда қазаққа технократ керек. Өйткені біз ертең сөз ұйқастығы, әдемілігімен алға шығып кете алмаймыз. Оны сіз мойындайсыз, мен мойындаймын. Балаңыз мойындамайды. “Ой, атамыз болтун екен”,- дейді. Айта береді.
Біз немен мақтанамыз?! Қазір сұрасаң: “Ойбай, Шыңғысхан қазақ екен, ойбай, Иса пайғамбар қазақ екен” дейді. Бұл біздің ұлттың әлі дамып жетіспегендігін білдіреді.Бала деңгейінде екенін білдіреді.
Бұл – провинциализм. Өйткені, бүгін мақтанатын ештеңесі жоқ, сондықтан өткенімен мақтанады. Сіз өткенмен мақтанбаңыз. Сіз бүгінмен мақтаныңыз.

Alashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.