ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН

Қай кезді алып қарасақ та қоғамның қозғаушы күші – жастар. Шымкент жастары барлық салада белсенділігімен ерекшеленеді. Ресми дерекке сүйенсек, қалада 14 және 35 жас аралығында 362 980 жас тұрады. Яғни, мегаполис халқының 32 пайызын жастар құрайды.

Шаһарда орын тепкен 9 жоғарғы оқу орнында 115 064 студент білім алады. Орта арнаулы оқу орындарының саны – 38, оның 11-і мемлекеттік, 27-і жекеменшік. Онда 45 622 жас білім алады.

Жалпы қала жастарына  төрт «Жастар ресурстық орталығы»  қызмет көрсетеді. Төрт ауданда орналасқан орталықтарда 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 8200 жасқа қызмет көрсетілген.

– Жастар ресурстық орталықтарында жыл басынан бері 113-іс-шара ұйымдастырылып, оған 38 мыңнан астам жас тартылды. Арнайы құрылған мобильді топтар ұдайы жастарға қажетті деген мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттарды жеткізіп, түсіндіріп отырады. Олардың маңыздылары – тұрғын үй және жұмыспен қамту бағдарламалары, — дейді «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мағжан Исахов.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.