«Абайлаңыз — балалар!»: Шымкентте балаларды тасымалдау ережесін бұзудың 14 жайты анықталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 25-сәуірінен қала аумағында «Абайлаңыз – балалар!» акциясы ұйымдастырылып, өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.

Акцияның бірінші күнінде Жол жүрісі ережелерін бұзудың 266 жайты анықталған. Атап айтқанда, жол қиылыстарынан өту ережесін бұзудың 45 дерегі тіркелген және жаяу жүргіншілер өтпесінен өту ережесін бұзудың 184 жайты бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, балаларды тасымалдау ережесін бұзған (автокреслосыз жүру) балаларды тасымалдау ережесін бұзудың (автокреслосыз жүру) 14 жайты анықталған.

Бұдан өзге, қаладағы мектеп маңындағы көшелерде жол белгілеріне қатысты анықталған кемшіліктерді жоюға құзырлы мекемелерге 4 жол бақылау ұйғарымы жолданды. Жаңадан және қайта жаңартылған 3 жол белгілері орнатылып, 3 жасанды жол кедергілері қайта қалпына келтірілді.

Шара барысында білім беру ұйымдарында, оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігін арттыру мақсатында 70-тен астам дәрістер мен сұхбаттар жүргізілді. Мәселен, ағымдағы жылдың 25-сәуірінде Қаратау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция тобының мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Р.Шыңғысхан №79 жалпы орта мектебінде «Жол жүру ережесін білу – бәріне міндет!» тақырыбында жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға үзіліс уақытында жол қауіпсіздігін сақтау ережесіне байланысты сауалдар қойылып, жолда жүру ережесімен таныстырды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.