Абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға әкімшілік шара қолданылды
Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.
Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Диваев көшесі, № 14 үйдің алдына құрылыс қалдықтары үйінділерін төгіп тастағанын анықтаған. Абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.