АБЖ пайдалану заң әділдігін сақтайды

Қазіргі таңда республика соттарының сот мәжіліс залдарын аудиобейне тіркеу жүйесіне енгізу толық жүзеге асырылды. Бұл жұмыс «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 20-қадамында көрсетілген болатын.

Аудио-бейне тіркеу жүйесі сот процестерінің басталуы, оқиғаның атауы, қатысатын адамдар және қысқаша түсініктер, соттың құрамы туралы мәліметтер, істің нөмірі және сот отырысының қысқаша хаттамасын әзірлейді.

Аудио-бейне тіркеу жүйесі сот отырысы барысын жазу кезінде жазбаны тоқтатуға және оны бұрмалауға мүмкіндік бермейді.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін, облыстық соттардың локалдық серверінде және Жоғарғы Соттың орталық серверінде аудио-бейне файлдарды және ілеспе ақпараттары сақталады. Сот органдарының (сот ісін жүргізу бөлігінде) ақпараттық жүйелермен және «Сот кабинеті» секілді басқа да ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілген.

Аудио-бейне тіркеу сот актісін құқыққа қайшы шығарылған актілерге немесе судья мен сот отырысына қатысушылардың заңсыз әрекеттері кезінде дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Арыс аудандық сотында 2 сот мәжіліс залдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) тарапынан қамтамасыз етіліп, қазіргі таңда қалыпты жұмыс атқаруда.

Н.Сален,

Арыс аудандық сотының

жетекші маманы

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.