АДАЛ ҚЫЗМЕТПЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қалалық филиалы ұжымымен кездесті.
Онлайн шарада Департамент басшыс Асхат Жұмағали қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерден, жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша қабылданған шаралардан хабардар етті.
Асхат Жұмағали бүгінгі күнгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеті – парасаттылық идеологиясын ілгерілете отырып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылатындығын хабарлады. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс жасау қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, әрбір қызметкерге үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, халыққа адал қызмет көрсетулерін назарға алды.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен таныстырып, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерінде Қазақстан Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша рейтингте алғаш рет 38 балл жинап, 19 сатыға жоғары көтеріліп, 94-ші орынға табан тірегендігін жеткізді.
Жиын барысында халыққа қызмет көрсету орталықтарына, делдалдарға қатысты шағымдардың көптеп айтылып жатқандығы хабарланып, тұрақты түрде ұжым арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
Ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Сәкен Мәжінбеков «дамыған елдердің қатарына еніп, өзге елдерден озық болуымыз үшін мемлекеттік маңызды міндеттерді халық алдында абыройлы, адал әрі үлкен құлшыныспен атқару керекпіз» — деді.
Жиын қорытындысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қалалық филиалының жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстары баяндалып, қатысушыларға алғыс білдірілді.