«ADAL» ПАРТИЯСЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНА ҚОСЫЛДЫ
Жалпы қазір партиялық жүйеде белсенді саяси партиялардың күшеюге бет ала бастағанын байқаймыз. Оның бір мысалы «ADAL» партиясының «AMANAT» партиясына қосылу туралы шешімі. Партиялардың нығаю үдерісін қолдау қажет, ол азаматтық қоғамға, партиялар, қарапайым азаматтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалогтың тиімділігіне оң әсер етеді.
Партиялар сайлаушылар үшін күрес барысында тұрғындардың проблемаларына жылдам жауап беруге, оларды шешу жолдарын ұсынып, жарияланған шаралардың орындалуына ұмтылады.
«ADAL» партиясы «AMANAT»-қа қосылғаннан кейін жобалары жаңа серпін алып, бүкіл еліміздің қарапайым азаматтарының игілігі үшін жүзеге асатынына сенімді. Жақын арада адалдықтардың бастамалары «AMANAT» партиясының мақсат-міндеттерімен қалай ұштасатыны белгілі болады.
Мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі
КЕРІМБАВА Наргиза Абайдуллақызы