АДАЛДЫҚ ТУРАЛЫ АҢЫЗ
«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіқалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрымен бірлесіп балаларды адалдыққа, шыншылдыққа қойылым арқылы тәрбиелеуді қолға алды.
Осы себептен, бүгін Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектептің оқушылары «Адалдық туралы аңыз» тақырыбындағы қойылымды тамашалады.
Ұлтжанды, адал ұрпақ тәрбиелеу ортақ міндет екенін алға тартқан ұйымдастырушылар аталған тәсіл балаларға парасаттылық құндылықтарын жеткізудің ең тиімді әдістерінің бірі деп біледі.
Қойылымға келетін болсақ, басты кейіпкерлер ретінде Балапан мен Қасқыр бейнеленеді. Өзін жегісі келген Қасқырды Балапан жылы сөздерімен баурап алып, оның өткір тістерінен аман қалып қана қоймай, Қасқырды атпақ болған адамдарға да араша түсіп, оны құтқарып қалады. Қойылымда жақсылығы мен жарығы, адалдығы мен имандылығы бар жерде жаманның құты қашатындығы бейнеленеді.
Ал осындай қойылымды тамашалаған балаларжақсылық, адалдық арқылы қиыншылықтарды оңай жеңуге болатынына көздері жетіп, Балапанға сүйсіне қарады.
Шара соңында балалардың аталған аңызға қатысты ойлары сұралып, оқушылар адалдыққа қатысты ойларымен бөлісті.
Болашаққа бағдар жас ұрпақтан бастау алатынын ескерсек, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікке, парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Ал, бұл тұрғыдан жастар арасында «Sanaly urpaq», «Адал ұрпақ» жобалары жүзеге асырылып, түрлі форматтағы шаралар өткізілуде.