Адамнан айуанға айналу – қазақты жоюдың жолы

Соңғы кездері қоғамда пай­да болған пранк деген нәр­се бар. Пранк ағылшын тілінен аударғанда “тентектік, қитұрқылық” деген мағына біл­діреді. Алғашында телефон-мен адамдарды «жынды» қы­луды пранк деп атаған. Енді осы бір ерсілік соңғы кездері шектен шығып, азғындықтың шыңына бастап барады.
Біздер әлеуметтік желіге цензура қоя алмадық. Онда арзан қалжың, шолжаңдаған қимыл, пайдасы жоқ пранк пен қисыны келмес хайптар қаптап кеткен. Ел осындайды көреді деп сондай түсіре беру қате. Кез-келген істе осы қазаққа пайдасы тиеді-ау деген ойды әсте, есте шығармаған жөн. Оның қаралымы 700 мың екен деген сөз ештеңені шешпейді. Көлікке отырып алып жалдамалы қызды қор­лап отыратын таксистің дү­дә­мәл қойыртпағын сонша адам көрсе, оны бәрі кө­ру керек деген ой емес. Тал­ғамды көтеретін кез жетті.
Же­лідегі ұнамсыз, жағымсыз дүниелерді жазып болсын халыққа көрсетуге тырыстық. Бірақ қайта сол әлеуметтік желілердің «тентектерін» арна­дан аластатудың орнына, ар­­на­ларда жиі көрсетіп, көзі ашық журналистер қауымы­ның өзі бірінен соң бірі бағ­дарламаларына шақыртып, бү­кіл Қазақстанға насихаттауды жөн көріпті. Танымал журналист Ләйла Сұлтанқызы өзінің «Өз ойым» бағдарламасының тө­рі­не «Желіні желдеткендер» та­қы­рыбында ой қозғап, бағдар­ламасына өзінше пранк тү­сіруші Қайрош есімді жігітті шақырыпты. Бұл жігіт таксист болып жүріп, әлеуметтік желіге өзі түсірген пранк-видеоларын салып, оспадарсыз тірлігіне өзі мәз боп жүрген бейбақтардың бірі. Езу тартарлық есі дұрыс дүние салып, не «әзілің жа­расса, атаңмен ойна» деген­дей көңілге қонымды дүние көрсетсе мақұл ғой. Өзінің көлігіне тек елорданың ару­ларын отырғызған әлгі Қайрош «есуастың» кейіпіне еніп, ерсі қылықтар көрсетіп, ойына келгенін істеп, балағат сөздер айтып, келеңсіз дүниелер жа­риялағанына арланбайды да. Тіпті өзінің ютуб желісінде «Не­мене» деген арнасы барын айтып кеудесін керіп отыр. Ол насыбай атып, арақ ішіп, қыздарды сабалап, анайы әндер тыңдап, балағат сөздер айтып, қысқасы «шайтанның» тірлігінін істеумен таксиге отырған қыздарға өзінің «есуас қылықтарын» көрсетеді. Әлеу­меттік желіге салған видео­ла­рының астына желі қолданушылары: «Имансыздық қой мынау деген! Осымен тоқтатыңыз енді… Жаным ашып жазып отырмын!», «Абылай хан ұрпағым ұсақталып құри ма деп қорқам деп осы кезеңнің келерін сезген екен ғой ұлы Хан бабамыз» деген пікірлер бар.
Түзелудің орнына кері кеткен қазіргі қоғамды өзіміз одан әрі азғындыққа апаруға шықтық. Мұндай нәрселердің арналардан, желілерден көрсетілуіне тосқауыл қойылуы керек. Пранк жасаймыз деп, парасат пен ақыл-ойдан айырылу – үлкен қасірет. Көк қағаз бен танымалдылыққа ие болу үшін, адамнан айуанға айналу қазақтың түбіне жететіні хақ. Жігіттері, әттең, жоғалтпаса екен, Қылыштай өткір намысын!

Ұ.ӨСКЕН.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.