ӘДЕП НОРМАСЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ
Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген.
«Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған, жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін қысқаша нұсқау ұсынылған және мемлекеттік қызметшілердің практикасында бейәдеп мінез-құлық фактілерінің ең көп тараған түрлері келтірілген. Бұдан басқа, осы жұмыста мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері берілген.
Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, олар билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы керек. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау жөнінде қойылатын негізгі талаптар көзделеді. Бұл ретте, әдептік мінез-құлық шеңбері мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде бекітіліп, оның сақталуын бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметкер-лерге интернет-кеңістікте және әлеуметтік желілерде қымбат тұратын автокөлік немесе яхта жанында түсірілген фото суреттер, ойын-сауық мекемелеріндегі немесе эротикалық сипаттағы түскен фотосуреттер, аңшылықта немесе қолына мылтық алып түсуге, заң бұзушылық сипаттағы фоттосуреттер, сондай-ақ шет елде түсірілген фотосуреттерді орналастыруға тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
М.Айтқұл,
Қаратау ауданы СЭББ Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету
және цифрландыру бөлімінің басшысы.