АХМЕТЖАНОВ ЖАЗАСЫН ЖЕҢЛДЕТУДІ СҰРАДЫ

QAZYGURT.KZ:  Қостанай қаласының №2 сотында Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қарала бастады.

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановтың жазасын қоныс колониясында өтеп жатқанына 8 ай болды. Енді ол мерзімнің қалған бөлігін айыппұлға ауыстыруды сұрайды. Жақын уақытта сот шешімі шығады. Еске салсақ, 2016 жылы Ахметбек Ахметжанов ірі көлемде пара алғаны, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сонымен қатар, Қостанай қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев пара алуға делдал болғаны үшін, Гагик Овнанян бірнеше рет ірі көлемде пара бергені үшін сотталған-ды. Дегенмен, былтыр апелляциялық алқа кейбір сотталғандарға үкім мерзімін азайтып, Мақсұт Қалиев пен Гагик Овнанянды бостандыққа шығарды. Қостанай қаласының бұрынғы әкімі де рақымшылыққа ілігіп, Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық сотының қаулысымен Ахметжанов ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылды.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.