Айдос Сарым: Шенеуніктің көпшілігі тақыр кедей, әйелі шіріген бай

Мемқызметте жүріп адам өзінің жүріс-тұрысын шектейді. Коррупция барлық елде бар. Шенеунік екі шоқып, бір қарауы қажет. Бұлардың декларациясын қарар болсаңыз, не көлігі, не үйі жоқ.

Көпшілігі дүние-мүлкін әйелінің аты­на тіркеп қояды. Белгілі бір қызметке келердің алдында әдейілеп әйелімен ажырасатын шенеуніктер де жоқ емес.

Біз интернет дәуіріндеміз. Елдің көзінен ештеңе жасыра алмайсыз. Саған тиесілі дүние бәрібір жарқ етіп шығады

Шенеуніктердің табыс туралы декларациясы жұртшылық жиі пайдаланатын платформаларда жариялануы керек.

Екінші мәселе – бұл қызметке неге келдің? Әкім мен министрлер қызметке тағайындаларда дайын жоспармен келуі қажет. Айталық, екі жылда не бітірем деп. Қанша мектеп, қанша аурухана саламын, қанша көпір тұрғызамын деген дайын жоспары болуы тиіс. Бұл оның міндеті! Бізге осындай мәдениетті қалыптастыру қажет. Әйтпесе кейбір әкімдердің не бітіріп отырғаны белгісіз, тіпті түрін де білмейміз. Егер нақты жұмыс жобасы болса, мұны халық та бағалар еді.

dalanews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.