Айқын ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты: Үкімет ұсынған іс-шаралар жеткіліксіз

Елімізде отандастарымыздың басым бөлігі, тіпті жұмысы болса да кедейліктен құтыла алмай жүр. Үкімет ұсынған іс-шаралар жеткіліксіз. Тұрғындар оң өзгерісті нақты сезінуі үшін реформа жартыкеш емес, шынайы болуы тиіс. Орташа айлық көрсеткіші шартты математикалық өлшем ғана. Ол өмірді шынайы көрсетпейді. Қоғамда адамдардың тапқан табысы бойынша арақашықтық ұлғайып барады. Бұл шаруашылық деңгейдегі лауазымынан, әртүрлі қызметтен, қала мен ауыл, аймақтар арасындағы алшақтықтан байқалады.

jasqazaq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.