Академиктер отбасы

Жуырда шырайлы Шымқалаға еліміздің ғылым мен білім ордасынан қуанышты хабар жетті. Саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған Оңтүстіктің төл перзенті, филология ғылымының докторы, профессор Молдабек Құлахмет Қазақстан Республикасы Педагогика ғылым академиясының академигі, ал оның жұбайы, іздемпаз ғалым -қыздарымыздың бірі, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Кенжебекова Рабиға Ибрахимовна ҚР Педагогика ғылым академиясының корреспандт – мүшесі болып бірауыздан сайланғаны туралы жылы ақпарат оңтүстік жұртшылығын бір серпілтіп тастады.

Ерлі-зайыпты Молдабек Құлахмет пен Кенжебекова Рабиға екеуі де қасиетті Ордабасының топырағынан нәр алған жандар.

Қ.Молдабек 1969 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін ойдағыдай бітіріп, еңбек жолын мектепте мұғалым болып бастайды. Болмысынан зерек та, алғыр, ғылыми ізденістерге бейім Қ.Молдабек Шымкент пединститутының бастауыш оқытутерриясы мен әдістемесі кафедрасына қызметке келіп, содан бергі 40 жылдан астам уақыттан бері елімізде ғылымның дамуына өзінің сүбелі үлесін қосыпты. Өте еңбекқорлығына іздемпаздығы үйлесе түскен Қ.Молдабек 1985 жылы қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдары докторы Бектаев Қалдыбайдың жетекшілігімен кандидаттық атағын қорғаса, 2010 жылы докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады. Ғалым-ұстаз 200-ден аста ғылыми зерттеу еңбектерін жарияласа, оның бәрі оқу үдерістерінде үнемі пайдаланумен келеді.

Ғылымның асқар жолында қажыр-қайрат көрсетіп, еңбегімен елге танылған ғалым қызымыз да Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының математика факультетін бітіріп, өмір соқпағын ғылым саласында салуға бет тұрыпты. Ол Шымкенттегі ЖОО-да жұмыс істеп, өмір тәжірибесін жинақтаумен бірге, ғылыми ізденістерін де нәтижелі етіп жатады.

Р.Кенжебекова 18.09.2013 жылы Ресей Жаратылыстану Акадеиясының шешімімен жоғары мектептегі педагогиканы дамытуда қол жеткізген табыстары үшін «Жоғары» білім берудегі новаторлық жұмысы үшін «Алтын» медалімен марапатталды. Ал Ресей Жаратылыстану Академиясының шешімімен «Ғылым мен білімге еңбегі сіңген қызметкер» құрметті атағы берілген.

Р.Кенжебекова өзінің ерен еңбегімен ғылымда қол жеткізген жетістіктері үшін ҚР Педагогика ғылым академиясының толық мүшесі, академик болып сайланады дегенді зор үміттің нық сенімімен айтқымыз келеді. Академиктер өмір өнегесін үлгі еткен тату-тәтті отбасының мүшелері. Өмір қуанышы да жетерлік, кенжетай ұлдары жасөспірімдер арасында каратэнің сұнғыла ойыншысына айналса, қыздары да озат үлгерім, инабатты тәрбиелілігімен тынылып, өмір қуанышын сый еткен.

Адамгершіліктің биік парасатын ұстанған, кішіпейіл де көркем мінездерімен көптің құрметіне бөленген қос ғалымға «Абыройларыңыз асқақтай берсін!» дегіміз келеді.

О.ТАЖИЕВ,

«Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.