Әкесі 11 айлық ұлын арақ үшін сатып жіберген
Үндістанның Асталь ауылының тұрғыны 11 айлық ұлын 100 мың теңгеге сатып жіберген, деп хабарлайды reactor.inform.kz сайты life.ru сілтеме жасап.
Бұл ақшаның біразын арақ алу үшін жұмсапты. Ал қалғанына ұялы телефон мен 7 жастағы қызына білезік алу үшін жұмсаған.
Полиция баланың анасын да тергеуге алған. Қазір келіншектің бала саудасына қатысы бар жоқтығы анықталып жатыр. Ерлі-зайыптылардың бұл сәбиден бөлек он жастағы ұлы мен 7 жастағы қызы бар.
Дереккөз: reactor.inform.kz