Ақтөбеде бұрын істі болған полицей капитан лауазымына дейін жеткен

QAZYGURT.KZ: Ақтөбе 20 жыл бұрын істі болған полицей капитан лауазымына дейін жеткен. Полиция қызметкерлерін тексеру кезінде бұрынғы қылмысы анықталып, полицей жұмыстан шығарылды.

Ақтөбелік полицей тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған қабылдаушы-бөлуші мекемеде кезекші инспектор болып істеп, полиция капитаны деген атаққа жеткен. Алайда тексеру кезінде оның сотталғанын жасырғаны анықталған.

20 жыл бұрын ол шаруашылықта механизатор болып істеген. Астық орған кезде комбайннан 1800 келі бидайды түсіріп, сабанның астына жасырып қойған.

Сот біреудің мүлкіне иемденгені үшін оны шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырған. Алайда жарты жылдан кейін ол полицияға жұмысқа тұрған.

Жұмыстан шығарылған бұрынғы полицей полиция департаментін сотқа беріп, оны қызметіне қайта тұрғызуды және мәжбүрлі түрде жұмысқа келмегені үшін жалақы төлеуді талап еткен.

Ол жұмыстан шығарған кезде оның еңбек өтілімін, полицияға қосқан еңбегі ескерілмегенін және әріптестері мен жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ұлының алдында беделіне нұқсан келгенін алға тартқан.

Сот оны қызметіне қайтару талабын қанағаттандырмады.

 

АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.