Ақылды автобус
Sony және Yamaha компаниялары SC-1 Sociable Cart деп аталатын жүргізушісіз автобус жасап шығарды.
SC-1 автобусында бес жолаушыға арналған орын бар. Ол аккумуляторлы батареямен жүреді.
Көліктің ішінде ғаламторға тегін қосылуға болады, ал сыртында жүргіншілердің жасы мен жынысын анықтап, соған сай жарнама көрсетіп тұратын монитор бар. Автобуста терезе жоқ, оның орнына арнайы басқару элементтері сыртқы көріністі қамтып, ішкі мониторға шығарады да, ол туралы мәліметтерді қоса беріп отырады. Сондай-ақ, мұнда қозғалыс бағыты, виртуалды карта, өтіп бара жатқан жерлер туралы қызықты мәліметтер де көрсетіледі. Автобус жүргізушісіз жүреді, бірақ оператор кез-келген уақытта оны басқару пульті арқылы қашықтықтан басқара алады.