АЛДЫМЕН ӨЗІҢДІ СЫНА…
Омар (р.а.) халифа болған кездерінің бірінде халықтың алдына шығып:
«Уа, адамдар! Мен қателік жасасам не істейсіңдер?» -дейді. Жиналғандардың арасынан мінез-құлқы Омардың (р.а.) өзіне ұқсайтын бір кісі қылышын көрсетіп, қобалжып тұрып:
«Біз сені қылышымызбен түзетеміз», -деп жауап береді. Бұл жауапты естіген Омар (р.а.) екі алақанын жайып:
«Мені түзететін адамның бар болғанына Аллаға шүкір», -деп дұға етеді.
Міне, дәл осы секілді, әрбір адам өз қателігін, кемшін тұстарын білуі және онымен күресуі тиіс. Өзгені емес, алдымен өзін сынауы қажет.