Әлем қалалары туралы қызықты деректер

* Халқының саны жағынан әлемдегі ең үлкен қала — Шанхай. 2017 жылы оның тұрғындарының саны 24 миллион 152 мың адамнан асқан.

* Ең үлкен қалалық агломерация – Жапониядағы «Токио-Иокогама». Мұнда 37 миллион 126 мың халық тұрады.

* Австралиядағы Сидней — ең ауқымды қала. Оның аумағы 12144 шаршы шақырымды алып жатыр.

* Ең ұзын қала — мексикандық Мехико. Оны ұзына бойынан кесіп өту үшін 200 шақырымнан астам жол жүру керек.

* Ең кішкентай қала – Хорватиядағы Хум қаласы. Оның тұрғындары ешқашан 25 адамнан асқан емес.

* Ең биік орналасқан қала – Перудегі Ла-Ринконада. Ол теңіз деңгейінен 5100 м биікте жатыр. Ал әлемдік мұхит деңгейінен 395 м төмен орналасқан Израильдегі Неве-Зоар қаласы ең төменде орын тепкен қала саналады.

* Ең көне қала — Сириядағы Дамаск. Айталық, Рим біздің дәуірімізге дейінгі 753 жылы құрылған болса, Дамаск бұл кезде бірнеше мың жылдық тарихы бар қала болған.

* Өмір сапасы ең жоғары қала ретінде Австриядағы Вена қаласы танылған.

* Ең қымбат қала – Швейцариядағы Цюрих.

* Жер бетінде «Тыйым салынған қала» да бар. Бұл – Қытайдағы Пекин қаласының орталығында орналасқан әлемдегі ең үлкен сарай кешенінің атауы.

* Ең атауы ұзын қала — Бангкок. Оның толық атауы былай жазылады: «Krung Thep Mahanakhon Amon Rattanakosin Mahinthara Ayuthaya Mahadilok Phop Noppharat Ratchathani Burirom Udomratchaniwet Mahasathan Amon Piman Awatan Sathit Sakkathattiya Witsanukam Prasit». Тай тілінде бұл атау 167 әріптен тұрады.

* Ең қысқа қала атауы — О. Жапониядағы Сосэй қаласын жергілікті халық осылай атайды.

* Әлемде әлемнің әртүрлі бөліктерінде орналасқан бір ғана қала бар. Бұл – түркиядағы Стамбул қаласы. Оның бір жартысы – Еуропаға, екіншісі – Азияға тиесілі.

* Бразилияның астанасы Бразилиа ені 250 метрді құрайтын ең кең көшесі бар қала ертінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

* Жер бетінде атаулары «астана» болып аударылатын екі қала бар. Олардың бірі – өзіміздің Елордамыз болса, екіншісі – оңтүстік кореялық Сеул.

* АҚШ-та ресми түрде «ақымақтар қаласы» деп аталатын, яғни Идиотвилль қаласы бар. Тіпті оның жанынан ағып өтетін өзен де ресми анықтамалықта «Ақымақтар өзені» деп жазылған.

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.