Әлемде мұнай бағасы өсті
QAZYGURT.KZ: Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржасындағы жұма күнгі сауда қорытындылары бойынша, мұнай бағасы өсе түскен. Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,87 долларға өсіп, бір баррелі 57,42 доллар болды. Сондай-ақ ақпан айында жеткізілетін WTI маркілі мұнайдың Нью-Йорктің шикізат биржасындағы (NYMEX) бағасы 0,87 долларға өсіп, барреліне 47,96 долларды құрады.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz