Әлемдiк бәссаудадағы ең ерекше лоттар-2
* 1920-шы жылдары Рене Лалик көліктің радиатор торларына арнап шыныдан әртүрлі мүсіншелер жасаумен аты шығады. Түлкі бейнесіндегі осындай мүсіншелердің бірі бәссаудада 204 750 долларға сатылған.
* 1869 жылы Гонконгтегі бәссаудада «Sotheby`s» шарабы 232 692 долларға сатылған. Ол бәссаудада сатылған ең қымбат шарап саналады.
* Австралиялық зергер Стефано Кантуридің қолынан шыққан әлемдегі ең қымбат Барби қуыршағы 2010 жылы Нью-Йорктегі Christie`s аукционында 302 500 долларға сатылған.
* 1938 жылы жарық көрген Супермен туралы комикс 1950 жылы небәрі 35 цент тұрған. Ал 2009 жылы оны «System of a Down» тобының дауылпазы Джон Долмаян 317 200 долларға сатып алған.
* Италияның Пиза қаласының маңынан табылған салмағы 1,5 кг трюфель саңырауқұлағы 2007 жылғы бәссаудада
330 000 долларға сатылған.
* Альберт Эйнштейннің өзінің дінді жек көретінін жазған хаты 2008 жылы Лондон аукционында 404 000 долларға сатылған.
* Lalique хрусталь құтысына құйылған бірашытқылы Macallan вискиі 2010 жылы 460 000 долларға сатылған.
* Жасы 150 миллион жыл деп белгіленген динозаврдың толық қаңқасы 2009 жылғы Нью-Йорктегі бәссаудада өз тұтынушысын таппады. Лоттың бастапқы жарияланған бағасы – $500 000.
* 1977 жылы «Жұлдыздар соғысы: Жаңа үміт» фильмін түсіруге қолданылған бейнекамера 2011 жылы осы кинокартинаға арналған аукционда 625 000 долларға сатылған.
* Daguerreotype Giroux фотокамерасы 2010 жылы Венада өткен 17-ші «WestLicht Photographica» аукционында $996 400 сомаға сатылған.
* Гауһартаспен көмкерілген жақтаудағы Бірінші Петрдің шағын портреті 2009 жылы Нью-Йоркте
1 300 000 долларға сатылған.
* Apple компаниясының құрылуы туралы үш беттік келісімшарт 2011 жылы Нью-Йорктегі «Sotheby`s» бәссаудасында 1 600 000 долларға сатылған.