Әли БЕКТАЕВ, Сенат депутаты: Ауылдар жойылып барады

Біз аймақтарға шығып кездесеміз, өңірлерден, филиалдарымыздан ақпарат келеді. Шынында да осы ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия мен жеңілдетілген несиелерде біржүйелілік қалыптаспай жатыр. Ол жерде біржүйе болмай, “Біздің шаруалар сол алатын қаржыны қандай мақсатта ала алады? Ертең перспективада қандай нәтижеге қол жеткізе алады?” дегенді біліп алмай, ауыл шаруашылығын дамытудың өзі өте қиын. Себебі ауыл шаруашылығын дамытып жатқан сол шаруалар. Шаруалар болғанда да сол кішігірім, субсидияға мұқтаж шаруалар.

Бізде көп жағдайда мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелер мен субсидияларды ірі шаруашылықтар пайдаланып кетіп жатыр. Ол да жасырын емес, айтылып жүрген мәселе.

Ең бірінші мәселе – ауылдарды сақтау. Ауылдарды сақтағанда, әсіресе, шекарада жатқан ауылдарды сақтау. Біз жиі көтеріп жүрміз, бұл популизм емес. Ол халқымыз үшін, мемлекетіміз үшін ең үлкен қажетті мәселе. Бізге Ұлттық экономика министрлігіндегі, Қаржы министрлігіндегі мамандар оның бәрі шығыны өте көп, қаржыны мол талап ететін шаруа деп айтады. Жол салу керек, инфрақұрылым мәселесі, халықтың саны деген мәселелерді көлденең тартады. Бірақ оның да жолын табуға болады.

Екіншіден, шекара маңындағы ауылдардың мектептерін сақтап қалу үшін адамдарды сонда көшіріп апару керек. Ол үшін ондағы тұрғындарға өмір сүретін жағдай жасау керек. Жұмыс істейтін жағдай болса, халық көшпейді. Керек болатын болса, көшіп барып тұрады. Осындай нәрсені атқарса деген біздің арманымыз бар.

Ауылдар жойылып барады. Жанымызға қатты батады.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.