Алик Шпекбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы: Бұл тәжірибе бүкіл әлемде кең таралған

Өздеріңізге белгілі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – Мемлекет басшысы саясатының басты бағыттарының бірі. Менің ойымша, олар заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс. Пара берушілер мен делдалдар үшін парақорлық жазасын қатаңдату мәселесі пысықталатын болады. Сотталған жемқорларға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою ең қуатты профилактикалық әсерге ие болады. Осы тәжірибенің жалғасы ретінде біз аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірнеше еселенген айыппұл қолдануды және жемқорларға колония-қоныстарда тағайындалған жазаны қайта қарауды жоюды жақтаймыз.

Сондай-ақ, күн тәртібінде мемлекеттік қызметші емес, бірақ жариялық міндеттерді орындайтын тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану мәселесі де бар. Яғни, біз пара алғаны үшін коммерциялық банктердің топ-менеджерлерін, табиғи монополиялар субъектілерінің басшыларын, жеке сот орындаушыларын және жария қызметшілердің басқа санаттарын мемлекеттік қызметшілер сынды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынамыз. Бұл тәжірибе бүкіл әлемде кең таралған. Бүгінгі таңда қоғамның сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрынғыдан да зор. Сондықтан жемқорлыққа қарсы кешенді реформалардың өзектілігін асыра бағалау мүмкін емес.

jasqazaq.kz

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.