Алматы көшелерінде атыс болды

QAZYGURT.KZ:     Алматыда «Рахат палас» қонақ үйінің қасында атыс болды. Полиция оқыс оқиғаға байланысты 4 күдіктіні ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты. «Атыс 7 наурызда Бостандық ауданында Сәтпаев Байзақов көшесі қиылысындағы қонақ үйлердің маңында болған. Бұл дерекке байланысты 4 күдікті ұсталды. Олар уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деді Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Айта кету керек, видео Инстаграмдағы пабликтердің бірінде жарияланды. Бейнекадрде бірнеше ер адам Gelandewagen көлігінің қасында топтасып тұрған. Бір мезетте бір ер адам оларға қарата оқ ата бастады.

АҚПАРАТ көзі: inform.kz 
 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.