Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін жезөкшелер ұсталды (видео)

Алматы полицейлері элиталы жезөкшелер үйін ұстап отырғандарды қолға түсіру бойынша арнайы операция жүргізді. Шара барысында ауқатты шетел азаматтарына қызмет көрсететін 42 бойжеткен ұсталды деп хабарлайды Patrul.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.Алматыда қалталы шетелдіктерге қызмет көрсететін жезөкшелер ұсталды (фото)

«Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «GC» деп аталатын караоке-клубтың қожайындарын ұстау шарасын жүзеге асырды. Бұл клубтың қызметі тек қана шетел азаматтары үшін жабық режимде жүзеге асырылып отырған. Мұнда клиенттерге интимді қызметтер көрсетіліпті.

Рейд кезінде интимді қызмет көрсететін 42 бойжеткен ұсталған. Сонымен бірге клубқа келушілер де құрықталды. Олар көбінесе шетел азаматтары, сонымен бірге бұл қылмысты жасады деп күдікке ілінген жалға алушылар», — дейді Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Айдын Кокамбеков.

Ұйымдастырушылар «Жеңгетайлық» бабы бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Қылмыстық іс қозғалған.

Қыздардың қызметін қолданатындардың көбісі қытайлықтар, жапондықтар және кәрістер болып шықты.

Дерексөздер: nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.