Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті
QAZYGURT.KZ: Бүгін Алматыдағы Жетісу ауданына қарасты Таиров пен Тәттібеков көшелерінің қиылысында түскі сағат он екі шамасында оқыс оқиға орын алды. Жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кеткен.
Ауыр хәлдегі екі жұмысшыны да жедел жәрдем көлігімен № 4 қалалық ауруханаға алып кетті. «Түскі тамаққа шығардың алдында жұмыс жасап жатқанбыз.Жанат Оспанов пен Ермек Жанбусинов екеуі арнайы белгі қойып, тозған жолдың қазып алу тиіс бөлігін сызып жатқан. Қатты келген көлік екеуін бірдей ондаған метрге сүйреп кетті», — деді куәгер Айбек Асылбеков.
№4 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгрушісі, политравма дәрігері Дәурен Түсіпов зардап шегушілерге қатысты пікір білдірді.
«73 жылғы ер адам жабық ми жарақатымен түсті. Сонымен қатар аяғының терілері сырылған, өміріне қауіп жоқ», — деп мәлімдеді ол.
АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz