АЛТЫНТӨБЕДЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы орталығынан шалғай жатқан елдімекендердің ішкі жолдарын жөндеу жұмыстыры қарқын алған.

Қала басшысы М. Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы Өтебай, Жамалов және Нұрлыбай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын тексерді.

Үш көшеге орташа жөндеу жұмыстарына арналып әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,0 шақырым Жамалов, Нұрлыбай көшелеріне 0,4 шқ құрайтын Өтебай көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары атқарылды.

Қала әкімі жұмыстардың бекітілген стандарттарға сәйкес тексеру жұмыстарынан кейін қабылданатынын атап өтті.Айта кетейік, тұрғын алаптағы тас жолдарды асфальттау жұмыстары  Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.