«AMANAT»: АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС ЖАЛҒАСУДА

Ауылды жерлерде бизнес-жоспарды жүзеге асыру үшін әуелі тұрғындарға сауалнама өткізу арқылы жергілікті жұрттың қандай кәсіпке бейім екендігін анықталады. Одан соң барып негізгі нарықтық көрсеткіштер мен кооперацияны құру негіздері зерделенуде. Бизнесті дөңгелетудің осындай тәсілдерін білікті бизнес-тренерлер «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған семинар-тренинг барысында бөлісуде. Кезекті толқынға қатысып жатқан Ордабасы, Сайрам, Созақ, Төлеби, Қазығұрт аудандары ауыл округтерінің әкімдері және партияның атқарушы хатшылары семинар кеңестің екінші күнінде дайын өнімді стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік нормаларын меңгеруде.

Семинар барысында «Amanat» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Республика көлемінде Zoom арқылы жиын өткізді.
-Қазіргі таңда алдымызда тұрған негізгі мақсаттардың бірі ауыл экономикасын көтерудің перспективалық бағыттарын айқындау. Бұл ретте аймақтардағы ауыл әкімдеріне артылар жүк пен қойылар талап жоғары. Өйткені ауылды жерде кәсіп нысандарын көбейту – тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтудың тетігі болып отыр. Міне, осы себептен де тәжірибелі бизнес-тренерлерді тарту арқылы ауыл басшыларына бизнес-жоспарларды іске асыру жолдарын оқытудамыз,-деді Эльдар Тынышбайұлы.

Ауыл әкімдері мен партияның атқарушы хатшыларына арналған семинардың екінші легі ертең аяқталады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.