«AMANAT»: ДЕПУТАТ КӨМЕККЕ 1 ТОННА ҰН ЖЕТКІЗДІ

Түркістан қалалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Жүсіпбаев Қостанай облысында зардап шеккендерге көмек ретінде қабылдау пунктіне 1 тонна жеткізді. Ол бұған дейін де облыста орын алған төтенше жағдайлар мен түрлі қайырымдылық шараларда демеушілік көрсетіп келеді.

— Төтенше жағдайларды бастан өткерген өңірдің тұрғыны ретінде кешегі апаттың қаншалықты ауыр екенін түсінемін. Қазақтың “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” деген мақалы осындайда қолданылса керек. Ел болып бұл сынақтан да өтетінімізге сенемін. Мұндай көмектерді жағдай тұрақталғанша жалғастыруымыз керек, — дейді Нұрсұлтан Үмбетұлы.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 9-дан бастап «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан ашылған пунктте гуманитарлық көмектер қабылдануда. Жиналған заттар Қостанай облысына жөнелтіледі.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.