«AMANAT»: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР БАСПАНА АЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Отбасы банк» АҚ Қазығұрт аудандық филиалы бірлесіп жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Қабылдауды аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Е.Исақұлов, аталған банк өкілдері Г.Әбдіқұлова және А.Ысқақова жүргізді.

Қабылдауға келген көпбалалы және жалғызбасты аналарға пәтер жалдау төлемдерін субсидиялау, «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» және «Ұмай ана» мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алудың тиімді жолдары түсіндірілді. Кездесуде 20-дан астам тұрғын өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.

Биыл мамыр айында халықтың тұрмысы төмен топтары үшін пәтер жалдау төлемдерін субсидиялаудың жаңа тетігі іске қосылған болатын. Атап айтқанда, жалдамалы пәтердегі отбасыларға бюджет қаражаты есебінен қолдау көрсетіледі. Алайда мемлекет өтейтін қаржыға коммуналдық төлемдер енбейді.

Қазығұрт ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қолдауға өтінім берген 100-ге жуық отбасының 60-на сұраныс қанағаттандырылған. Атап өтерлік, бағдарламаға І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, балалар және оларды тәрбиелеуші отбасылар, ата-анасынан айырылған кәмілет жасына дейінгі балалар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері қатысып, үміткер бола алады.

 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.