«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Абдиев арнайы барды. Халық қалаулысы Қ.Абдалиев ауылдық округіне қарасты Аманкелді елді мекеніндегі, «Амангелді» жалпы орта білім беретін 150 орынға арналған қосымша мектептің құрылыс барысымен танысып, құрылыстың қалай жүргізіліп жатқандығына бақылау жасады. Кездесу барысында мердігермен және тапсырыс берушімен объектілерді салу процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады.

Аталған нысан 2022 жылдың мамыр айында басталған, қаржының жетіспеушілігіне байланысты құрылыс тоқтап, биылғы жылдың наурыз айында қаржысы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, депутат құрылысы жүріп жатқан Сарапхана ауыл округі, Майлыошақ елді мекенінен 200 орындық «А.Байтұрсынов» атындағы жалпы орта мектебіне де барды. Аталмыш білім ошағының құрылысын “ӨМІРЗАҚ» ЖШС жүргізуде. Құрылыс 2021 жылы басталған. Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталуы тиіс.

Мәжіліс депутаты қос нысанды аралау барысында құрылыстың бірқатар атқарылуы тиіс жұмыстарын атап өтті.

— Мектеп құрылысын осы жылдан кешіктірмеу керек жоспар бойынша. Бұл нысан партия тарапынан қазір толық бақылауда. Біздің сайлауалды бағдарламамызда дәл осы нысандарды енгізіп қойған. Біздің қазір осында келу мақсатымыз жұмыстарды өз көзімізбен көріп, бақылауға алу, — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты, «AMANAT» Партиясы фракциясының депутаты.

Сондай — ақ, Ерлан Абдиев құрылыстың қарқыны жаман емес, алайда сапасына да баса мән беру керектігін айтып, облыстық құрылыс басқармасына жұмыстарды қадағалауға алуды қатаң түрде тапсырды. Айта кетейік, құрылысы жүріп жатқан қос нысан да “AMANAT” партиясының бақылауында.

AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.