Аманжан ЖАМАЛОВ, Мәжіліс депутаты: … біржақты шешім болмауы керек

Азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай тұрғын үй мен білім алу үшін пайдаланады? Мысалы, қазіргі уақытта талқыланып жатқан заң жобасы нұсқасында ол жағдайы бар адамдар үшін ғана мүмкін, яғни ер адамдардың зейнет жинағы ол үшін 8,2 миллион, әйелдер үшін – 10,1 миллион теңге болуы керек. Яғни, жинақтаған зейнетақы қаражаты осы шектен асқанда ғана оның бір бөлігін өз қажеттілігіне пайдалануға болады.

Бүгінгі таңда  бұл шектен зейнетақы жинағы асқан 90 мың адам, яғни БЖЗҚ салымшыларының 1% -ынан да аз көлем.

Айтылды, ел естіп, дәмеленіп отыр. Ал енді не болады, мұндай шешім халықтың көңілін су сепкендей басары сөзсіз. Мұндай біржақты шешім болмауы керек деп санаймын. Сондықтан зейнетке шыққан жасына, табысына, зейнетақы алу құқығына, баспанасы бар-жоғына қарай икемдеп, бұл мөлшерді есептеудің бір жүйесін түзуді ұсынамын.

zakon.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.